Қазақстанда салоннан сатып алынған автомобильдерді тіркеу жеңілдетілуі мүмкін
Цифрлық даму министрлігі «электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Автосалондардан сатып алынған көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеуді енді пилоттық жоба шеңберінде «электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асыруға болады.
Портал арқылы мынандай мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілетін болады:
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару;
Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлерін беру.
2026 жылдың 31 тамызға дейін пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Бастаманы Цифрлық даму министрлігі ІІМ-мен бірлесіп іске асыратын болады.
Бұйрықтың жобасы 2025 жылғы 2 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында талқыланатын болады.
Сара Қамзаева