Әртүрлі

Қазақстанда сұйытылған газды елден шығаруға салынған тыйым ұзартылды

Қазақстанда сұйытылған газды шығаруға салынған тыйым ұзартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Елдің ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мақсатында Энергетика министрінің бұйрығымен ел аумағынан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген болатын.

Бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігі аталған шараны тағы 6 айға ұзарту жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталына орналастырылды. Бұйрықты бекіткен жағдайда сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салу 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.