Әртүрлі

Қазақстанда республикалық «Таза энергетика» сурет байқауы басталды

Елімізде мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» тақырыбына арналған сурет байқауы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа баламалы энергия көздері мен таза энергетиканың болашақтағы маңызын түсіндіру, экологиялық сананы қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқауға барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушылар өз жұмыстарын кез келген техниканы (гуашь, акварель, түрлі-түсті қарындаш, компьютерлік графика және т.б.) қолдана отырып орындай алады.

Жұмыстар 6 қазанға дейін қабылданады.

Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Қорытынды 10 қазанда жарияланады.

Қосымша ақпарат және байқау ережесімен @jasulan_qz инстаграм парақшасында таныса алады.

Байланыс ақпараты: телефон: +7 775 764 8747.

e-mail: zhasulann2020@gmail.com