Әртүрлі

Қазақстанда өлім-жітім 27%-ға азайды

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жерлеу қызметтерінің және оған байланысты іс-шаралардың көлемі экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алмағанда 13,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,9 есеге артық, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusines.kz сайтының жазуынша, бір жыл бұрын сектордағы қызмет көрсету көлемінің өсуі 85%-ды құраған.

Бұл ретте 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 26,5%-ға аз.

Еске сала кетсек, бір жыл бұрын қайтыс болғандар саны, керісінше, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 12,8%-ға көп болған. Шамасы, бұл саладағы қызмет көрсету көлемінің өсуі бағаның күрт өсуіне байланысты. 

Мәселен, биылғы наурыз айының қорытындысы бойынша жерлеу қызметтері бір жылда 24,6 пайызға қымбаттаған. 

Өткен жылдың наурызында өсім 9,3%, 2021 жылғы наурызда – 6,1%, 2020 жылғы наурызда – 2,2% болды.

Өңірлік тұрғыда биыл салттық қызметтердің құны Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті: бір жыл ішінде 61,8%-ға. Одан кейін Қызылорда (59,1%) және Солтүстік Қазақстан (52,7%) облыстары тұр.  Ақтөбе мен Жетісу облыстарында салт-жора қызметтері 1,5 есеге қымбаттады.

-->