Қазақстанда кімдер көлік салығынан босатылады
2025 жылғы 18 шілдеде Президент жаңа Салық кодексіне қол қойды. Өзгеріс 2026 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енеді және бірқатар жеңілдік алушылар үшін көлік салығын жояды, - деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, соның ішінде шетелдегі ұрыс қимылдарына қатысқандар;
КСРО ордендері мен медальдарымен еңбек және майдандағы қызметі үшін марапатталғандар;
Кеңес Одағының Батырлары және Социалистік Еңбек Ерлері;
"Халық қаһарманы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегерлері;
Үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалерлері;
"Отан" орденінің иегерлері;
"Батыр ана" орденімен немесе "Алтын алқа", "Күміс алқа" марапаттарымен наградталған көпбалалы аналар;
Мотоколяскаға немесе автокөлікке ие мүгедектігі бар адамдар.
Айта кетейік, жеңілдік бір көлік құралына ғана қолданылады.