Қазақстанда интернетпен қамтудың цифрлық картасы іске қосылды
Енді кез келген қазақстандық өзі тұратын елдімекеннің телекоммуникациялық төлқұжатымен таныса алады. Бұл карта кеңжолақты Интернетпен әлі қамтамасыз етілмеген ауылдар үшін пайдалы болмақ, деп хабарлады Elorda.info ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетіне сілтеме жасап.
Интернетпен қамту картасы қолданыстағы оптикалық инфрақұрылым, мобильді кеңжолақты қосылу деректерін қамтиды. Бұл ресурс арқылы азаматтар Қазақстанның елді мекендерінің интернетпен қамтылу деңгейі туралы ақпарат ала алады.
Жобаны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырған. Карта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайтында орналасқан.
-->Интернетпен қамту картасы қолданыстағы оптикалық инфрақұрылым, мобильді кеңжолақты қосылу деректерін қамтиды. Бұл ресурс арқылы азаматтар Қазақстанның елді мекендерінің интернетпен қамтылу деңгейі туралы ақпарат ала алады.
Бұл картаның азаматтармен қатар, бізге де пайдасы бар. Біз картаға байланыс операторларының аймақтарды интернетпен қамту туралы ұсынған деректерін енгіздік. Егер азаматтар картадан қандай да бір сәйкессіздіктерді анықтаса, қамтылу аймағы, технологияларға қатысты бұл жөнінде kartakz.kz@gmail.com электронды поштаға жазуын сұраймыз. Біз байланыс операторларымен бірлесіп анықталған сәйкессіздіктердің себептерін анықтаймыз. Мұндай фидбек деректер базасын өзекті етуге және осы ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуде тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.
Жобаны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырған. Карта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайтында орналасқан.