Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайды
Елімізде электр энергиясы мен жылу бағасы өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Министр электр энергиясы тарифі шілде айында өсетініне тоқталды. Оның сөзіне сүйенсек, баға бірден қымбаттамайды әрі әр өңірде қосылатын сома әртүрлі болмақ.
Сонымен қатар министр жылу бағасының да қымбаттайтынын айтты.
-->Елімізде электр энергиясы мен жылу бағасы өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Министр электр энергиясы тарифі шілде айында өсетініне тоқталды. Оның сөзіне сүйенсек, баға бірден қымбаттамайды әрі әр өңірде қосылатын сома әртүрлі болмақ.
Тарифтер халық үшін қолайлы болуы тиіс. Орташа алғанда, өсім 10%-дан, мүмкін 30%-ға дейін болады. Сонымен бірге біз ресурстарды үнемді пайдалануымыз керек. Каскадты шектер енгізіледі, яғни орташа тұтынудан жоғары болса онда баға басқаша болады. Жалпы мәселе әр өңірдегі халық өкілдерінің, жергілікті депутаттардың және өзге азаматтардың қатысуымен қоғамдық тыңдауларда талқылануда. Ең қымбат өнім қай аймақта болатыны белгісіз, бұл мәселені алда көре жатармыз, - деді Ә.Қуантыров.
Сонымен қатар министр жылу бағасының да қымбаттайтынын айтты.
Бұл тозығы жеткен жылу желілері мен кәріз құбырларын жаңарту мақсатында жасалып жатқан шара, - деді ол.