Әртүрлі

Қазақстанда бензин мен автогаз бағасы қашаннан бастап қымбаттайды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда бензин мен автогаз бағасы қашан көтерілетінін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ведомство басшысы газ бағасын ырықтандыру туралы шешім ҚР Президенті жанындағы энергетикалық кеңесте қабылданғанын еске салды.

«Сұйытылған мұнай газының бағасы біртіндеп өседі. Тауарлық газ бойынша да бағаның өсуіне қатысты белгілі бір көрсеткіштер бар. Үкімет реттеуші және әкімшілік бақылау шараларын қадағалайды, яғни бағаның күрт өсуіне жол берілмейді», - деді Сәтқалиев Үкіметтегі брифингіде.

Министр алдағы күндері бағаның көтерілетінін айтты.

«Жанар-жағармай материалдарының бағасы осы жылғы ақпан айынан бастап, сондай-ақ жақын арада сұйытылған газ бағасы біртіндеп көтеріледі деп жоспарлап отырмыз. Тауарлық газ бойынша жазда нарыққа қатысушылар үшін баға өсе бастайды», - деді министр.