Қазақстанда базарлар саны азайып келеді
1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 722 базар тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16-ға аз, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде 495 сауда базары (133 мың сауда орны) қалалық жерде, 227 – ауылдық жерде (39 мың сауда орны) орналасқан.
Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 115, оған қоса Алматы (58) және Ақтөбе (57) облыстарында.
Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 24 мың орын (41 базар).
335 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 387-сі жеке кәсіпкерлердің атына тіркелген.
-->1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 722 базар тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16-ға аз, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.