Қазақстанда алаяқтық жасаған шетелдік азамат Черногорияда ұсталды
Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры болған. Ол пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған. Сонымен қатар басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген.
Келтірілген жалпы шығын бес миллиард теңгеден асады.