Қазақстанда 5 жаңа кәсіби мереке бекітілді
Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер енгізіп, бес жаңа кәсіби мереке ресми түрде белгіленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жаңадан қосылған мерекелер тізімі:
7 шілде – Қазақстан қолөнершілер күні;
9 шілде – Табиғи монополия саласы қызметкерлерінің күні;
15 қыркүйек – Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет күні;
20 қазан – Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлерінің күні;
29 қазан – Қазақстан кәсіпкерлері күні болып бекітілді.
Сонымен қатар Энергетиктер күніне қатысты өзгеріс енгізілді. Бұған дейін желтоқсан айының соңында атап өтілетін бұл мереке енді 22 желтоқсанда тойланатын болады.