Әртүрлі

Қазақстанда 24 млн тоннадан астам астық бастырылды

Елімізде негізгі дәнді дақылдар бойынша 15,8 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 15,2 ц/га болған жағдайда 24,1 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бұл туралы Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«12,7 млн ​​га алқаптан бидай орылып, 14,5 ц/га шығымдылықпен 18,4 млн тонна, арпа 2,1 млн га бастырылып, 17,1 ц/га өніммен 3,6 млн тонна бастырылды, сұлы – 177 мың га, өнімділігі 16,5 ц/га, 292,2 мың тонна бастырылды», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы майлы дақылдар 958,7 мың гектар алқаптан 11,1 ц/га орташа өнімділікпен 1 млн тоннадан бастырылды;

112 мың гектар алқаптан 232,5 ц/га өніммен 2,6 миллион тонна картоп жиналды; 108,1 мың гектардан 2,9 миллион тоннадан астам көкөніс дақылдары  273,3 ц/га өніммен жиналды.

98,1 мың гектар алқаптан бақша дақылдары жиналып, өнімділігі 263,9 ц/га, жалпы өнімі 2,6 миллион тоннадан асты. Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың жатын комбайн және 195 мың бірлік жұмылдырылды.