Қазақстан «Тұрақты туризмнің 100 үздік бағыты» премиясын жеңіп алды
Халықаралық ITB Berlin 2024 туристік көрмесі аясында Шығыс Қазақстан облысының «Катонқарағай аймағын тұрақты дамыту» қоғамдық қоры «Тұрақты туризмнің 100 үздік бағыты» аталымында 3-орын жеңіп алды. Қоғамдық қор «Өркендеуші қоғамдастықтар» категориясында жеңіске жеткен болатын, деп хабарлайды Elorda.info Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі ITB Berlin 2024-ке 5-7 наурыз күндері Қазақстаннан Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, туризм индустриясының және Алматы, Шымкент қалаларының, Түркістан және Жетісу облысы әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Биылғы стенд дизайны 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған. Туризм саласы өкілдерінің бұл іс-шараға қатысуы келісімшарттар жасасуға, бар серіктестіктерді нығайтуға және Қазақстанға жаңа туристерді тартуға тамаша мүмкіндік береді.
Internationale Tourismus-Börse Berlin жыл сайын 180 елден 10 000-нан аса экспоненттерді және 160 000-нан астам келушілерді қарсы алады. Соның ішінде 113 500 туризм саласының мамандар мен 10 000-нан аса ірі әлеуетті сатып алушылардың басын қосты.
-->Катонқарағай ұлттық саябағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген және Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының басым экоөңірлерінің бірі. Жергілікті кәсіпкерлер Серік Толықпаев пен Қайрат Ахмедтің бастамасымен арнайы қор құрылып, Катонқарағай тұрақты даму стратегиясы бірнеше жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Бұл жұмыс әлемдік сарапшылар қауымдастығымен атап өтілгені бізді жігерлендіреді. Қазақстанның әрбір ауыл аймағының тұрақты даму жолына түсуге мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн. Ол үшін ауданды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы мен оны жүзеге асыруда қоғамның, бизнестің және мемлекеттің бірлескен күш-жігері қажет, - деді қордың атқарушы директоры Серік Жүнісов.