Әртүрлі

Қазақстан әскерилері «Анадолы-2025» оқу-жаттығуларына қатысып жатыр

Түркияда Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 33 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы «Анадолы-2025» халықаралық оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жаттығуға Қазақстан тарапынан Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің жеке құрамы қатысуда.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде қазақстандық әскери қызметшілер қалалық жағдайлардағы іс-қимылдарды, парашютсіз десант түсіруді, жаралыларды эвакуациялауды және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды пысықтайтын болады.

Арнайы операциялар күштері жауынгерлерінің жаттығуларға қатысуы жауынгерлік дағдыларды арттыруға, тәжірибе алмасуға және арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, оқу-жаттығу 3 шілде аяқталады деп жоспарланған.