Әртүрлі

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алғашқы теміржол туры аяқталды

16–20 қараша аралығында пойыз «Алматы–Түркістан–Ташкент–Алматы» бағыты бойынша жүрді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Алғашқы сапарға жалпы 115 жолаушы қатысты.

«Жолаушылар Түркістан мен Ташкенттің басты көрікті жерлерін аралап, экскурсияларға қатысып, жаңа вагондардың жайлылығын сезініп, түрлі ойын-сауықтарға куә болды. Туристік пойызды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Өзбекстан темір жолдары» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды»,- деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.