Әртүрлі

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны артады

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚХР авиациялық билік орындарымен бірлесіп Air China әуекомпаниясының Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін пысықтады, деп хабарлады Elorda.info.

21 сәуірден бастап Air China әуекомпаниясы Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) тікелей жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер Airbus-A320 типті әуе кемелерінде орындалады.

Осылайша, елдер арасындағы рейстер саны аптасына 13-тен 19 рейске дейін ұлғайтылады, оның ішінде қытайлық China Southern Airlines әуекомпаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша аптасына 2 рейс және Алматы – Үрімші бағыты бойынша 3 рейс.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа бағыттардың ашылуы және әуе рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

-->

Қазақстан тарапынан Air Astana әуекомпаниясы осы жылдың маусым айынан бастап Астана – Бейжің бағыттары бойынша орындалатын рейстер санын 1-ден 2 рейске дейін, Алматы – Бейжің бағыттары бойынша 6-дан 7 рейске дейін және Алматы-Чэнду бағыттары бойынша аптасына 1-ден 2 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, - делінген хабарламада.