Қазақстан мен Руанда әскери ынтымақтастық мәселесін талқылады
Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың Руанданың Түркиядағы және Қазақстандағы қоса атқарушы елшісі Чарльз Кайонгпен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тараптар әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың сондай-ақ, бітімгерлік қызметтің ықтимал бағыттарын талқылады.
Сапар аясында шетелдік мейман өзге де министрліктер мен ведомстволарда, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында болды.