Әртүрлі

Қазақстан мен Аустрия арасында тікелей рейс іске қосылады

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан-Аустрия іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Аустриядағы елшілігінің өкілдері Аустрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Аустрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды, - делінген хабарламада.