Қазақстан көміріне сұраныс артты
2022 жылы 117 миллион тоннадан астам қатты отын өндірілсе, оның 33 миллионға жуық тоннасы экспортталды, деп хабарлады Elorda.info.
Отандық сарапшылар, Еуропалық Одақтағы елдерге көмір жеткізу бойынша біраз мәселенің әлі де шешілмей жатқанын айтады. Көрші елге салынған шектеулерден кейін қарт Каспий арқылы байланыс күшейген. Дегенмен логистика жағы үлкен шығын дейді.
Айта кетейік, Екібастұзда 3 жаңа энергоблоктың құрылысы басталған. 2028 жылдан бастап Көкшетау мен Семей қалаларында жылу электр орталығы іске қосылмақ. Жалпы біздегі көмір қорының көлемі – 34 миллиард тонна. Бұл – 300 жылға жететін қор.

Геосаяси жағдайға байланысты көмірге сұраныс көбейді. Швейцария мен Германия дейміз, Еуропалық Одақтың өзі бізден көмір алады. Бағасы өте жоғары. Тариф мәселесі. Біз көмірді жергілікті халыққа арзан бағамен сатамыз. Бірақ жыл сайын қымбаттап барады. Электр энергия. Дистопер дейміз, 2 есе, 3 есе қымбаттайды, - деді республикалық тау-кен өндірушілер қауымдастығы атқарушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұқанов.