Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны азайған
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.
Басқосуда Ерлан Қарин соңғы 5 жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны азайып келе жатқанын және бұл үрдіс Қазақстан азаматтығы институтының беделі арта түскенін айғақтайтынын атап өтті.
Мысалы, 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, ал 2024 жылдың 10 айында 30 адам азаматтықтан шыққан.