Әртүрлі

Ұлттық ұлан сарбаздары бозкілемде күш сынап жатыр

Өскемендегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жекпе-жек сарайында ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының кубогы үшін қазақша күрестен жеке және командалық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыс 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған. 

Ашылу салтанатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев сөз сөйледі. Ол жат жерде антына адалдық танытып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің батылдығын еске алды. 

Жарысқа 7 команда қатысып жатыр. Олардың қатарында  «Шығыс», «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Ұлттық ұлан Академиясының және тікелей бағыныстағы 6654 әскери бөлімі мен 5573 бригадасының құрама командалары бар. 

Кейін жиналғандар мемориалды ескерткішке гүл шоқтарын қойып, шекара шебінде қаза тапқан сарбаздарға тағзым етті. 

-->

Қазақ күресі – әскери қызметшілердің денесін ширатып, бұлшық еттерін қатайтатын, ептілікке баулитын ұлттық спорт түрі. Күрес жігіттеріміздің рухын көтеріп, төзімін шындайды, шыдамды болуға тәрбиелейді. Мұның бәрі біздің әскери қызметшілерімізге жүктелген тапсырмаларды орындауда зор пайдасын тигізеді, - деді генерал-майор Арман Жұмағалиев.

Жарысқа 7 команда қатысып жатыр. Олардың қатарында  «Шығыс», «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Ұлттық ұлан Академиясының және тікелей бағыныстағы 6654 әскери бөлімі мен 5573 бригадасының құрама командалары бар. 

Қазақ күресі нағыз ерлердің күш-жігерін байқатады. Жеңіске жету үшін барлық ерік-жігерлеріңізді салатындарыңызды білемін және осы спорт түрінен ләззат аласыздар деп ойлаймын. Бәсекелестікке төтеп бере алған ең мықты спортшылар ғана жеңіс тұғырынан көрінеді, - деді Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова.

Кейін жиналғандар мемориалды ескерткішке гүл шоқтарын қойып, шекара шебінде қаза тапқан сарбаздарға тағзым етті.