Әртүрлі

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры қамауға алынды

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді.

«Залал сомасы 65 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі» - деп жазылған хабарламада.