Әртүрлі

Қайтарылған активтер: 63 зергерлік бұйым аукционға шығарылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 4, 5, 6 және 7 наурызда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-порталында өтетін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бағаны көтеру форматы бойынша аукционға 63 зергерлік бұйым қойылады:

4 наурыз — 15 актив,

5 наурыз — 10 актив,

6 наурыз — 36 актив,

7 наурыз — 2 актив.

Сауда-саттыққа қалай қатысуға болады?

Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнасын төлеп, қызықтырған лотқа өтінім беру қажет.

БИН – 231040010244.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС барлық мүдделі тұлғаларды осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, зергерлік бұйымдарды тиімді шарттармен сатып алуға шақырады.