Әртүрлі

«Айқай» фильмі халықаралық фестивальде топ жарды

«Айқай» фильмі Испаниядағы ImagineIndia International Film Festival кинофестивалінде топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Фильм 70-ке жуық туындының ішінен таңдалып, «Үздік сценарий» аталымына қол жеткізді. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.

Туындыда ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей полигоны құрбандарының тағдыры баяндалады.

Фильмнің режиссері – Кенжебек Шайқақов. «Айқай» – режиссердің екінші толықметражды жұмысы. Көркем фильмнің түсірілімі Абай облысы Аягөз ауданы Шыңғожа ауылында өтті. Басты рөлдердерде Орынбек Шаймағанбетов, Арнұр Акрам, Ерболат Әлқожа, Бейнұр Баймұхамбетов, Ерлан Малаев, Айбек Иманқұлов және Айғаным Нұрсұлтан ойнайды.

Маңызды мәселені қаузаған фильмнің 23-ші рет өткізіліп отырған фестивальде топ жаруы бекер емес. ImagineIndia фестивалі – Үнді субконтиненті, Азия елдері, Испания және онымен бірге Еуропалық Одақ арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға арналған ауқымды жоба.