Әртүрлі

Автобуста жоғалтқан затыңызды қалай табуға болады?

Қарбалас тірлікпен жүргенде қала тұрғындары қоғамдық көлікте сөмкесін немесе басқа да бағалы заттарын ұмытып кетіп жатады. Осындай кезде автобус салонында қалған затты табу үшін қайда хабарласу керек? Жоғалған затты табу мүмкіндігі бар ма? Бұл туралы Elorda.info сайтының сұрақтарына «City Transportation Systems» ЖШС мамандары жауап берді. 

Компания қызметкерлерінің айтуынша, астаналықтар көбінесе құжаттары немесе аяқ киім салынған сөмке, көліктік карта, қолғап, кілт, бас киім, телефон, ноутбук, домбыра, құрал-саймандар таситын арнайы чемодандарын ұмытып кетеді екен. Әдетте балалар рюкзак, карта, аяқ киім салынған сөмкелерін, ал қарттар дәрі-дәрмектерін жоғалтып алады. 

«City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі егер қала тұрғындары заттарын автобуста тастап кететін болса бірден автопаркке хабарласу керектігін айтты.   

Түрлі заттардың автобуста қалып қоятыны біз үшін үйреншікті жағдай. Дегенмен, ерекше есте қалатын оқиғалар да болып тұрады дейді компания қызметкерлері.

Белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың автобуста тастап кеткен заттары 10 күн сақталады. Жоқ іздеген жолаушылар автопарк диспетчеріне осы уақыт ішінде хабарласқаны абзал. 

-->

Автобус салонында табылған затты жүргізуші көрсе немесе басқа жолаушылар оған әкеліп берсе біздің қызметкерлер міндетті түрде диспетчерлерге тапсырады. Өзгенің затына көз тікпейтін адал жолаушылар бар әрине, бірақ көбінесе салонда қалып қойған зат екенін біле тұра алып кетеді. Азаматтар өтініш білдірсе оны табуға біздің тарапымыздан міндетті түрде көмек көрсетіледі. Мәселен жолаушының өтініші бойынша көліктік бақылау департаменті мамандарының автобус салонындағы бейнекамераларды қарап шығуға болады,- деді «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі.

Түрлі заттардың автобуста қалып қоятыны біз үшін үйреншікті жағдай. Дегенмен, ерекше есте қалатын оқиғалар да болып тұрады дейді компания қызметкерлері.

«Бірде мынадай қызық жағдай болды. Жолаушылардың бірі арбадағы баласын автобуста ұмытып кеткен. Тағы бір жолаушымыздың ақша толы сөмкесі табылды. Түрлі оқиғалар болып тұрады, дегенмен қала тұрғындары мен меймандарына жеке заттарына сақ болып, мүмкіндігінше автобус салонында қалдырмауға кеңес береміз, - дейді компания өкілі. 

Белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың автобуста тастап кеткен заттары 10 күн сақталады. Жоқ іздеген жолаушылар автопарк диспетчеріне осы уақыт ішінде хабарласқаны абзал.