Әртүрлі

Ауыл балаларына арналған олимпиаданың ІІ кезеңіне 10 мың оқушы қатысты

10 мыңға жуық ауыл оқушысы IQanat олимпиадасының II кезеңіне қатысып, өз білімдерін көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Балалар  2-4 күн бойы өздерінің  зияткерлік қабілетін шыңдады. Бұл ауыл балаларына жасалған бірегей мүмкіндік болып отыр.

Қазіргі сәтте олимпиаданың II кезеңі аяқталып, оған рекордтық деңгейдегі 10 мың бала қатысты. Осыған дейін олимпиадаларға  тек 6-7 мың бала қатысқан.

Айта кету керек, жыл сайын мемлекеттік тілде тест тапсыруды таңдаған оқушылар саны артып келеді. 2024 жылы мұндай ұл-қыздар саны - 90%. Гендерлік тұрғыда қыз балалардың жоғары қызығушылығы байқалады (64%).   

Ақтық сынға өткеннен кейін, оқушылар, IQanat-тан Олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін сүйемелдеуге түседі. Ең жоғары көрсеткіштері бар үздіктер Бурабайдағы мектеп-пансионатқа тегін оқуға қабылданады. Айта кетейік, IQanat бағдарламаларымен қамтылған балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсіп келеді. Қазір жоба түлектері әлемнің 15 елінде оқиды.

-->

II тур Қазақстанның барлық 17 облыс орталығында өтті. Қатысушылардың шамамен 70%-ы – көпбалалы және толық емес отбасылардан. Олимпиада әр аймақта балалар слеті немесе фестиваль түрінде өтті. Балалар үшін мақсат қою, қаржылық және медиа-сауаттылық бойынша дәрістер, сондай-ақ квиздар, викториналар өткізілді, - деп жазылған iQanat қоры баспасөз қызметі таратқан хабарламада.