Әртүрлі

Ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыста жол жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыста жол жабылды, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» 200-254 ш, Ақмола облысы ш. учаскесі - Шідерті кенті облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Қарағанды облысында «Астана-Қарағанды-Алматы» 1353-1426 ш., Ақмола облысы шекарасы учаскесі-Теміртау ААП шекарасына дейін жол жабылды.

Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-200 ш, Астана  учаскесі -  Павлодар облысы шекарасына дейін және «Астана-Қарағанды-Алматы» 1291-1353ш, Жібек Жолы ААП- Ақмола облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.