Ауа райына байланысты жабылған автожолдар қайта ашылды
Бүгін сағат 10:00-ден бастап бірқатар бағыттағы республикалық автожолдарда көлік қозғалысы қайта ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысы:
- «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем ақы алу пункті - Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
- «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Теміртау төлем ақы алу пункті);
- «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1864-2005 шақырым аралығы (Балқаш қ. - Жамбыл облысының шекарасы);
- «Қызылорда-Павлодар-Қарағанды-Шідерті» автожолының 1066-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы - Павлодар облысының шекарасы).
Жамбыл облысы:
- «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 2005-2152 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы - Бұрылбайтал ауылы).
Жетісу облысы:
- «Алматы-Өскемен» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қ. - Абай облысының шекарасы).