Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райының қолайсыз болуына байланысты еліміздің екі өңірінде автожол учаскелері жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылғы 3 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақмола облысы:
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).