Ауа райы: Күн суытып, көктайғақ болады
Қазгидромет алдағы 24-26 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Мамандардың айтуынша, бұл күндері еліміздің көп аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктер атмосфералық фронттардың бірнеше жүйесі бар солтүстік циклон Қазақстан тұрғындарына қыстың жақындап келе жатқанын сездіретінін болжады.
Мәселен, республиканың батысында түнгі сағаттарда температура -6 градус аяздан 3 градусқа дейін, солтүстік-батыста 0-7 градус аязға дейін төмендейді. Еліміздің солтүстігінде -5 градус аяздан 5 градус жылылыққа дейінгі ауа райы күтіледі.
-->

Атап айтқанда, ауа райы тұрақсызданып, қатты жел, көктайғақ құбылыстары мен қар аралас жаңбыр күтіледі. Барикалық құбылыстар бүкіл республика бойынша температураның жоғарылауына әкеледі. Бірақ кезеңнің соңында Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массаларының енуі еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында салқындауға әкеліп соғады, - делінген хабарламада.