Әртүрлі

Ауғанстаннан есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биылғы жылдың тамызындағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды.

«Тінту барысында олардан «қара» нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды. Осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.