Әртүрлі

Атырауда мектепке «бомба қойған» белгісіз азамат іздестіріліп жатыр

Атырауда мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама берген белгісіз азамат іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл фактіге қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Нәтижесінде жарылғыш зат анықталған жоқ. Қазіргі таңда қаладағы барлық мектептердегі қауіпсіздік полицияның жіті бақылауында екенін қаперге береміз», - деді Атырау облысы полиция департаменті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, яғни терроризм актiсi туралы жалған хабарлама таратушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.