Әртүрлі

Атырауда балабақша қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшам ауданында орналасқан балабақшалардың бірінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Elordainfo.kz АқЖайық сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Бейнежазбаға қарағанда балабақша қызметкеріне баланы итеріп жіберген. Сол сәтте ол басын керуетке соғып, жарақат алған. Қазір оған  баланң денсаулығына зақым келтірді деген айып тағылып отыр.

 «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деді облыстық ДП баспасөз қызметі.