Атырауда балаларына 12,9 млн теңге қарыз ата-аналар жауапқа тартылды
Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асты.
Барлық фактілер бойынша қала прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеді.
«Екі борышкер 12,9 млн теңге көлемінде алимент төлемегендері үшін сотталып, оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Басқалары бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде»,- делінген хабарламада.
Прокуратура ата-аналық міндеттерін орындамау тек әкімшілік емес, сонымен бірге қылмыстық жауаптылыққа да әкелетінін ескертеді.