Атырауда 40 миллион теңгенің вейпі тәркіленді
Полицейлер 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол вейптерді сақтап, сатумен айналысқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тергеу барысында күдіктінің тыйым салынған құрылғыларды курьерлер арқылы жіберіп отырғаны анықталды.
«Тінту кезінде қаладағы дүкендердің бірінде шамамен 3 мың дана вейп сақталған қойма табылды. Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 миллион теңгеден асады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, тыйым салынған өнімді саудалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.