Атырау облысында жасөспірім кісі қолынан қаза тапты
Қайғылы оқиға 3 шілдеде Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында болды. Кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жақында жергілікті мектепті бітірген. Бұл туралы Elorda.info «АқЖайық» басылымына сілтеме жасап хабарлады.
-->
«Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2005 жылы туған жігіт. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», -деп хабарлады полиция департаменті.