Әртүрлі

Атырау облысында браконьерлерден 270 келі бекіре балығы тәркіленді

Атырау облысында «Бекіре – 2024» жедел шарасы аясында заңсыз балық аулауға қатысты 59 құқық бұзушылық анықталып, 3 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Анықталған құқық бұзушылық бойынша 2 автокөлік пен 21 айғақ зат тәркіленді. 356 келі болатын заңсыз балық өнімдері және 270 келі бекіре балығы тәркіленіп, «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылды», - деп көрсетті Атырау облыстық Полиция департаменті.