Әртүрлі

Астаналық азамат 1 айда жаңа мамандық игеріп, жұмыс тапты

Елорда тұрғыны Жомарт Жоламанов «JOLTAP» жобасы аясында электрмен дәнекерлеуші кәсіптік мамандығын оқыды, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

18 бен 50 жас аралығындағы кез келген астаналық жұмысшы мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқытудан тегін өтіп, жаңа жұмыс таба алады.

38 жастағы Жомарт Жоламановтың айтуынша, оқудан бұрын экспедитор-жүргізуші болып жұмыс істеген. «JOLTAP» бағдарламасы туралы танысы арқылы білген.

Жомарт нарықты мұқият талдап, елімізде  кәсіби дәнекерлеушілерге сұраныс бар екенін түсінген.

"Біреу үшін бұл мамандық қиын болуы мүмкін. Бір жағынан,  бұл қауіпті. Бірақ мен өзім үшін пайдалы мамандық тапқым келді. Алдымен мен нарықты жан-жақты зерттедім. Олардың жалақысы да – жақсы, - деді ол.

Жомарт Жоламанов  оқу биыл ақпан айында басталғанын айтты.Сабақ барысында теориямен қоса, практика да қатар оқытылған.

Ал оқу аяқталған бойда астаналық азамат бірден жұмыс тапқан. Дәнекерлеуші жұмысына орналаспас бұрын сынақ мерзімі болған. Сол уақытта 36 жастағы қала тұрғын бар білгенін көрсетіп,сынақтардан мүдірмей өткен. Ал қазіргі уақытта ол YDA түрік көпсалалы зауытында жұмыс істейді.

1Оқудан кейін арнайы тестілеу ұйымдастырылды. Зауытқа бірнеше адам қажет болды. Мұнда  3-4 бос жұмыс орны ашылды. Менің  «JOLTAP» жобасына қатысудағы мақсатым – жаңа мамандық игеру, жұмыс табу. Жаңа жұмысқа орналасу кезінде қабілетімізді тексерді, - деді елордалық тұрғын.

«JOLTAP» жобасы  қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындарына арналған. Оқуды аяқтағандарға арнайы сертификаттар табысталады.

Консультациялар күн сайын 10 «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктінде мына мекенжайлар бойынша жүргізіледі:

«Mechta» СҮ Сығанақ көшесі, 3

«Big Шанхай» Алаш тас жолы, 32а

«Кездесу» СҮ Абылай хан даңғылы, 31

«Ailand» СОО Қорғалжын тас жолы, 2

«Тұлпар» СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24

«Euromall» СҮ Қосшығұлұлы көшесі, 24

«Саянұр» базары Тілендиев даңғылы, 24/5

«Magnum» супермаркеті Еділ көшесі, 26

«Жастар» сарайы Республика даңғылы, 34

«Азия паркі» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21.

Айта кетейік, бағдарлама елорда әкімдігінің бастамасы болып саналады.

-->

Мені шарттары қызықтырды. Оған екі бағыт бойынша оқуға өтініш қалдырдым – электрмен дәнекерлеуші және мобилограф. Дәнекерлеу бойынша оқыту ертерек басталды, мен оқуға толығымен қатыстым. Сондықтан екінші бағыттан бас тартуға мәжбүр болдым, - деді Жомарт.
 
Жомарт нарықты мұқият талдап, елімізде  кәсіби дәнекерлеушілерге сұраныс бар екенін түсінген.

"Біреу үшін бұл мамандық қиын болуы мүмкін. Бір жағынан,  бұл қауіпті. Бірақ мен өзім үшін пайдалы мамандық тапқым келді. Алдымен мен нарықты жан-жақты зерттедім. Олардың жалақысы да – жақсы, - деді ол.

Жомарт Жоламанов  оқу биыл ақпан айында басталғанын айтты.Сабақ барысында теориямен қоса, практика да қатар оқытылған.

Бірінші күннен бастап бәрі жақсы ұйымдастырылды. Оқытушы  барлық ақпаратты қарапайым тілде түсіндірді. Сабақтар өте қызықты өтті, - деп атап өтті жобаға қатысушы.