Әртүрлі

Астаналық полицейлер велосипед ұрлаған бойжеткенді анықтады

Астана тұрғыны түнгі уақытта тұрғын үйдің кіреберісінің алдында велосипедтің қараусыз қалдырылғанын пайдаланып, ұрлық жасаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұрланған мүліктің құны 95 мың теңге.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері бейнекамерлардың көмегімен 23 жастағы жас қызды анықтады. Ол ұрлаған велосипедті ломбардқа өткізген.

Полицейлер ұрланған велосипедті тәркілеп, иесіне қайтарды.

Ұрлық бойынша жас қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласы Полиция департаменті тұрғындарға өз мүліктерін қорғау бойынша шаралар қолдануларын ұсынады.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)