Әртүрлі

Астаналық полицейлер қала тұрғынын тонаған ер адамды ұстады

Қалалық полицияға ер адам физикалық күш қолданып, ерлер күртесі мен ұялы телефонын ашық түрде тартып алғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері тонау әрекеттерін жасады деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады. Қаскүнем 32 жастағы жәбірленушімен ауызша жанжалдасу барысында оны жұдырықпен ұрып, телефоны мен күртешесін күшпен тартып алған. Осылайша жарты миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Содан кейін ол белгісіз бағытқа қашып кеткен, - делінген хабарламада.

Тонаушының қолынан зардап шеккен адам күдіктінің сыртқы белгілерін сипаттап берген, оны жедел уәкілдер санаулы уақытта анықтады.

Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Заңды бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, полицияның 102 арнасына дереу хабарласыңыз.