Астаналық оқушылар әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы «BINOM SCHOOL» мектебі арасында жасалған меморандум аясында 11-сынып оқушыларына әскери қалашық аумағы бойынша экскурсия жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info.
Саптық алаңда әскери техника, атыс қаруының көптеген түрлері қойылды. Қонақтар қару түрлерін емін-еркін тамашалап, қызықтырған сауалдарына жауап алды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Офицерлер мен сержанттар келешек Отан қорғаушыларға құқықтық тәртіп әскерлеріндегі қызметтері, атыс қаруы мен әскери өмірдің ерекшеліктері туралы айтып берді. Мектеп оқушыларына құқық бұзушыны ұстау және есірткі мен жарылғыш заттарды іздеу кезінде қызметтік иттерді қолдану әдістері көрсетілді. Сондай-ақ Құрметті қарауыл ротасының сарбаздары дефиле көрсетті.
Жігіттер мен қыздар үшін саптық дайындық бойынша, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы бойынша сабақтар өткізілді. Оларға заманауи сарбаздардың келбеті таныстырылды. Сонымен қатар жастар сарбаздардың түскі асынан дәм татты.
-->

Жоғары сынып оқушыларын елордалық жедел бригадаға шақырудағы басты мақсат – жас ұрпақ арасында Отанға деген патриоттық сезімдерді, Отанға қызмет етуге деген құлшынысты ояту. Сондай-ақ Ұлттық ұландағы және жалпы армиядағы қызметті танымал ету көзделді. Сол себепті оларға әскери қызмет барысын көрсеттік. Отан мүддесі жолында елді қорғау үшін қызмет етудің қандай болатынын көрсетуге тырыстық, - деді 5573 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Тимур Рахимов.