Әртүрлі

Астанадан Ақтөбеге қосымша әуе рейстері ашылады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 10 қазаннан бастап Астанадан Ақтөбеге күнделікті ұшатын әуе рейстерінің санын көбейтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Сейсенбі және бейсенбі күндері:

IQ 385 Астана (07:45) – Ақтөбе (09:50);

IQ 386 Ақтөбе (10:30) – Астана (12:20).  

Ақтөбеден Астана арқылы Қызылорда, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы және Қостанай қалаларына қосылатын рейстер арқылы саяхаттауға болады. Рейстердің ұлғаюы – әуе көлігі тасымалының қолжетімділігін арттырып, елдің ішкі туризмін дамытуға ықпал етеді.  

Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.