Астанада жаңбыр, бұршақ, Шымкент пен Алматыда аптап ыстық
Синоптиктер еліміздегі үш мегаполистің демалыс күндерге арналған ауа-райы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды elorda.info kazhydromet.kz РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбі, 15 шілде күні Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауса, Алматы мен Шымкентте аптап ыстықтың беті қайта қоймайды. Елордада бүгін, көшпелі бұлт шығады, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 23-25 градус ыстық болады деп күтілуде.
Алматыда бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Синоптиктердің болжауынша ауа температурасы түнде 23-25 градус аралығында, күндіз 33-35 градусқа дейін ысиды. Шымкентте сенбі күні ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 м болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус болса күндіз 33-35 градусқа дейін көтеріледі.
-->