Әртүрлі

Астанада жас жұбайлар алаңы ашылды

Оның ашылу салтанатында бірнеше жас жұбайдың ресми түрде некесі қиылды және ескерткіш ретінде ағаштар отырғызылды, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық әкімдіктің ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, сквердің ашылуы «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция аясында өтті. Неке қию рәсімінен кейін жас жұбайлар алаңға ескерткіш ағаш отырғызды.

Сондай-ақ саябақта жас жұбайлардың бақытты күнді еске алуы мақсатында шаңырағына құлыптар мен таспаларды бекіте алатындай киіз үй орнатылды.  Алаңның ашылу салтанатында барлығы 5 жұп некеге тұрды.

Іс-шараға 50 жылдық мерейтойын атап өткен ерлі-зайыптылар Марат Тоқсанбаев пен Күләш Асқарова шақырылды. Олар акцияға қатысушыларды құттықтап, батасын берді

-->

Бұл алаң ұрпақтар сабақтастығының символына айналуы керек. Менің ойымша, мұнда ағаш отырғызған адамдар қалаға ешқашан зиян тигізбейді. Сондай-ақ олар өз отбасыларымен  қарым-қатынас орнатады, - деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова. 

Сондай-ақ саябақта жас жұбайлардың бақытты күнді еске алуы мақсатында шаңырағына құлыптар мен таспаларды бекіте алатындай киіз үй орнатылды.  Алаңның ашылу салтанатында барлығы 5 жұп некеге тұрды.

Біз өткен жылы әлеуметтік желіде танысып, дос болдық, ал бүгін үйленіп жатырмыз. Осы ағашқа күтім жасауға және атау тақтасын орнатуға дайынбыз. Неке қию күні бізге осындай мүмкіндік түскені қуантады, - деді жас жұбайлардың бірі Қуат Ахметов. 