Астанада жалдамалы пәтерден тұрмыстық техника ұрлаған күдікті ұсталды
Елордада полиция жалдамалы пәтерден тұрмыстық техника ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Нұра ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікке ілінген 33 жастағы әйелді анықтады.
-->
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Нұра ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікке ілінген 33 жастағы әйелді анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті пәтерді бірнеше күнге жалға алған. Бір-екі күн тұрған соң пәтерді босатып, өзімен бірге құны 200 мың теңге тұратын AVA теледидарын иемденіп кеткен. Тұрмыстық техниканың жоғалғанын үй иесі пәтерді қайта жалға беруге келгенде біліп, содан кейін құқық қорғау органдарына хабарласқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр, - деп жазылған хабарламада.