Астанадағы автобус апаты: Светлана Жақыпова қызға көрсетілетін көмек туралы айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жол-көлік оқиғасында зардап шеккен қызға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Біз барлық протездеу қызметтерін, барлық оңалту қызметтерін өзімізге аламыз. Кеше БАҚ-та қыздың Егіндікөл аудандық емханада тіркелгені туралы ақпарат шықты. Қазір дәрігерлер оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлейтін болады. Отбасы біздің бақылауымызда болады», - деді Светлана Жақыпова.