Астанада волонтерлерге арналған семинар-тренинг өтіп жатыр
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық волонтерлер фронт-офисі жобасы аясында волонтерлік бойынша тренерлерге арналған «Базалық оқыту курсы» атты үш күндік семинар-тренинг өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараның мақсаты – волонтерлерге арналған тиімді оқу бағдарламаларын әзірлейтін және өткізе алатын білікті тренерлерді даярлау.
Тренинг барысында тренерліктің негіздері, тренердің негізгі дағдыларын дамыту, тиімділігін арттыру және сабақ сценарийлерін әзірлеу, құзыреттілікті пысықтау, супервизия және жеке кеңес беру тақырыптары қамтылады.
Айта кетейік, іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 40-тан астам белсенді волонтер қатысуда.