Әртүрлі

Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына жабылды

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бұқар жырау көшесі бойынша Қабанбай батыр даңғылына жақындаған жолдың жүру бөлігін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

-->

Осыған байланысты 15 шілдеден 15 тамызға дейін Бұқар жырау көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылының өзі ашық болады, ал көлік қозғалысы Бұқар жырауға іргелес көшелермен жүргізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - деп жазылған хабарламада.