Әртүрлі

Астанада полицияны шұғыл шақыруға арналған 33 құрылғы жұмыс істейді

Бүгінгі күні көшелерде, саябақтар мен гүлзарларда ұялы байланыс болмаған жағдайда полицияны шұғыл шақыру мүмкіндігі үшін 33 арнайы құрылғы орнатылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«SOS дабыл батырмасы» қиын жағдайларға тап болған азаматтар арасында сұранысқа ие бола бастады.

«Жыл басынан бері SOS батырмасына 39 қоңырау түсті, оның ішінде ұрлық, тонау, әкімшілік құқық бұзушылық, жол-көлік оқиғасы және т.б. фактілер бойынша.

Демалыс орындарында және адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылған құрылғылар өзін қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алудың тиімді құралы ретінде көрсетті», - делінген хабарламада.

Сонымен, кешкі уақытта 37 жастағы әйел SOS батырмасы арқылы хабарласып, полициядан көмек сұрады. Бұл жерге жақын маңдағы полиция жасағы жіберіліп, отбасылық жанжал туындағанын анықтады.

Жанжалқойға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.