Әртүрлі

Астанада «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» атты халықаралық форум өтті

Бүгін Астанада «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Мақсаты – COVID-19 коронавирус инфекциясы пандемиясының сабақтарын талқылау.

QazBioPharm форумына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жетекші ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері және бизнес өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде коронавируқ инфекциясымен күресу үшін ведомство қабылдаған бұрын-соңды болмаған шаралар туралы айтып, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың өміріне түзетулер енгізген пандемия сабақтарын еске салды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың мамыр айының басында 4,3 миллион адам Nobivac вакцинасымен иммундауды алған.

-->

 Форум Қазақстанда, COVID-19-ға қарсы өзінің «QazVac» вакцинасын әзірлеуші елдердің қатарына кірген елде өтіп жатқаны өте тамаша. Қазақстан пандемия кезеңіндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау мен болжаудың шектеу шараларының жиынтығымен бірегей кешенді жүйесін әзірледі. Бұл моделді ДДҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігі мақұлдады, көрші мемлекеттер жоғары бағалады. Біздің жеңісіміз - ержүрек дәрігерлер мен ғалым-микробиологтардың күш-жігерін біріктіріп қана қоймай, мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының, бизнес-қоғамдастық пен азаматтарымызды қолдаудың нәтижесі - деді форумға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде коронавируқ инфекциясымен күресу үшін ведомство қабылдаған бұрын-соңды болмаған шаралар туралы айтып, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың өміріне түзетулер енгізген пандемия сабақтарын еске салды.

Үш жылдың шінде Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, 1 айдан 3 айға дейін созылған коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың 6 өрлеуін бастан өткерді. Бұл ретте әрбір кейінгі нұсқасы республика аумағында COVID-19 жаңа нұсқасының пайда болуынан туындады. Мәселен, егер коронавирустың Ухань штамынан туындаған сырқаттанушылықтың алғашқы көтерілу кезеңінде сырқаттанушылардың ең көп саны 3000-нан астам жағдайды құраса, онда Омикрон нұсқасының айналымы кезінде бесінші көтерілуде тәулігіне 16 мыңнан астам науқас тіркелді - деді А. Ғиният.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың мамыр айының басында 4,3 миллион адам Nobivac вакцинасымен иммундауды алған.